Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Санаулы күннен кейін тәуелсіз елімізге жарқын істер сыйлап, жаңа биіктерден көрсеткен барыс жылы тарих қойнауына енеді. Өткен жыл еліміз үшін санамызға сілкініс, өмірімізге өзгеріс әкелген, ерен еңбегімізді жемісті етіп, еселі табыстарға жетелеген елеулі жыл болды. Қала экономикасы өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артты.
Биылғы жыл еліміз үшін тарихи жыл. Себебі, Мемлекет басшысының жарлығымен біздің жаңа Ұлытау облысы құрылды. Бұл шешім экономикалық қана емес, рухани жағынан да өте маңызды шешім болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын және жолдарды жөндеу бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылып, тұрғындардың өмірі сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар табысты жүзеге асырылды.
Төрімізге енгелі отырған 2023 жылы да ел болып еңсерер, жұрт болып жұмылып атқарар істеріміз ауқымды.
Жаңа жыл — тың бастамалар мен жоспарлардың кезеңі. Әр адамның арман-тілектерін, сенімін еселеп, болашағына үлкен үміт артатын шақ. Барша халық асыға күтетін осы мерекеде әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт тілейміз! Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын! Жаңа жыл құтты болсын!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық Мәслихат хатшысы.