«ҒЫЛЫМ және БОЛАШАҚ–2026» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Бүгін Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы ,,Қоғамдық келісім,, мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жас ғалымдар мен студенттерге арналған «ҒЫЛЫМ және БОЛАШАҚ–2026» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми ізденістерін қолдауға, тәжірибе алмасуға және өңірдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Конференция модераторы – э.ғ.к., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Ақбаян Нұртазинова болды. Іс-шараға университет басшылары, мектеп және колледж оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Күмісходжаев жастардың ғылымға қызығушылығын қолдаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, академик Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ректоры, профессор Әбдімәлік Арғынұлы Тәкішев, Ulytau университетінің вице-ректоры, з.ғ.к., Күлтай Адилова ғылым мен білімнің ел болашағындағы рөліне тоқталды.

Конференция барысында өңір тарихы, әлеуметтік-экономикалық даму, білім беру және ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, 30-дан астам ғылыми мақала ұсынылды.

Іс-шара соңында ғылыми-практикалық конференцияның резолюциясы ұсынылып, қатысушылар бірауыздан қолдады және барлық баяндамашылар мен мақала авторларына сертификат табысталды.