Тәуелсіздік бастауы

Өткен жылы 25 қазанда еліміз 13 жылда алғаш рет Республика күнін атап өтті. Бұл оқиғаның тарихи маңызды-лығын асыра бағалау қиын. Біздің еліміздің Тәуелсіздігі – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұмтылған баға жетпес жетістік, қазақстандық мемлекеттіліктің негізі.
Республиканың жанданған күні — халықтың рухын көтеруге, оның Тәуелсіздікке ұмтылуына, мемлекеттілікті нығай-туға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған мереке.
Сондай-ақ, оның жоғары мәртебесінің бір дәлелі ретінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес оның жалғыз ұлттық мереке болып табылатындығын айтып кеткен жөн.
Оның жандануы – елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігінің дәлелі, оның мақсаты — әлеуметтік тұрақтылық, өсу, халықтың әл-ауқаты.
Біздің еліміз қарқынды дамып келеді — оң динамика барлық салаларда байқалады: әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани.
Бүгінгі таңда біздің алдымызда басты міндет – әділ Қазақстан құру болып отыр. Бұл жоғары мақсатқа қол жеткізу ба-сты құндылығы халық болып табылатын тәуелсіз мемлекетте ғана мүмкін болады.

Дархан ХАСЕНОВ,
Қаражал қаласының прокуроры.