23.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА23.11.2026
Ақпарат ағыны

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

01.09.2025 · 00:49 · admin

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – білімге қадам басатын жас ұрпақ үшін ерекше әрі толғанысты сәт. Ал мұғалімдер мен ата-аналар үшін – үміт пен сенімге толы жаңа белес.

Білім – ел болашағының негізі. Қай заманда да озық ойлы, білімді ұрпақ – мемлекеттің тірегі болған. Сондықтан, біз білім беру саласын дамытуға, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға баса назар аударамыз.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз – болашаққа салынған алтын көпір. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

Қымбатты оқушылар! Алдағы оқу жылы сендер үшін жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер жылы болсын. Еліміздің абыройын асыратын азамат болуларыңа тілектеспіз.

Баршаңызға жаңа оқу жылында сәттілік, ынтымақ пен жарқын жетістіктер тілейміз!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы