Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам денсаулығын сақтау мен өмірге араша түсу – үлкен жауапкершілікті, жоғары біліктілікті және ерекше жанашырлықты талап ететін абыройлы қызмет. Сіздер қай кезде де өз мамандықтарыңызға адалдық танытып, тұрғындардың денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл игі істердің нәтижелі жүзеге асуына сала мамандарының қосып отырған үлесі зор.
Медицина саласында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға зор ризашылығымды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз – халықтың әл-ауқаты мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды кепілі.
Осы мерейлі күні сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, амандық пен толағай табыс тілейміз. Ел игілігі жолындағы абыройлы еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.
