«Мен-кітапханашымын»

«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де 26 қыркүйекте «Мен-кітапханашымын» атты дублер-шоу өтті. Алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру мақсатында және кітапханалар әртүрлі ақпарат көзі мен даму орталығы ретінде, кітапханашы мамандығының теориялық негіздерін үйрену мақсатында ұйымдастырылды. Дублер-шоуға қатысу үшін ЖББМ оқушылары шақырылды.

Бір қарағанда, кітапханашы мамандығы «Отырыңыз және кітап оқыңыз» деген сияқты жеңіл әрі оңай жұмыс болып көрінеді. Бірақ №1 ЖББМ оқушылары «Дублер-шоу» іскерлік ойынына қатысып, бұл көзқарастың мүлдем дұрыс емес екеніне көз жеткізді.
Сонымен қатар, кітапханашы газеттерді, журналдарды байланыстыра білуді, бәрін жыл, алфавит бойынша сұрыптап, түрлі іс-шаралар өткізуді толық меңгеру керек. Осының бәрін меңгеру мақсатында ойынға қатысуға сұраныс тастаған № 1 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Аружан Арқабай, Кәусар Даукенова, Гауһар Абдухан, Райхан Асайын кітапханамызда апта бойы ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Олар кітапхана қорымен, жүйелі және алфавиттік каталогпен, оқырман формулярымен, оқырмандарға қызмет көрсетумен танысты. Мерзімді басылымдарды тігуге тырысты, оның қорымен танысты. Қатысушылар кітапханашының күрделі, бірақ қызықты жұмысымен танысып, тәжірибелі кітапханашылардың көмегімен «кітапханшы» мамандығының құпияларын, оның қыр-сырын біле алды.
Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушыларға үй тапсырмасы алдын ала берілді. Үй тапсырмасы бойынша әр қатысушы кітапхана қызметкерлерінің рөлдерін сомдап, қойылым қойды. Іс-шара соныңда «Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Тілеухор Байшукенова қатысушыларымызға ақ тілегін айтып, жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етті. «Дублер-шоу» қорытындысы бойынша ІІІ орынды Каусар Даукенова, ІІ орынды Райхан Асайын иеленсе, жүлделі І орынды Аружан Арқабай жеңіп алды. Гауһар Абдухан алғыс хатпен марапатталды.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар.
Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек қана кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін, кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашанда тұғыры биік болсын.

Мадина Айтбекова,
«Қаражал қаласының
орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі» КММ библиографы.