Мемлекеттік мекемелерден түсетін арыздар

Мемлекеттік мекемелерден түсетін арыздар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Қазақстан – көпұлтты мемлекет болғанымен, оның негізгі тірегі әрі бірліктің басты құралы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша қазақ тілі болып бекітілген. Сондықтан, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметінде қазақ тілінің қолданылуы – заң талабы ғана емес, елдік мүдденің көрінісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелерден келіп түсетін арызшағымдар мен ресми құжаттардың бір бөлігі әлі де өзге тілдерде жазылып жатады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын шектеп, құжат айналымында бірізділіктің болмауына әкеледі. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелерден жолданатын арыздар мен өтініштердің мемлекеттік тілде жазылуы – уақыт талабы.

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардың іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Бұл норма тек формальды талап емес, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мемлекеттік тілде жазылған арыздар бірнеше артықшылық береді.

Біріншіден, құжаттардың мазмұны барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін түсінікті әрі қолжетімді болады.

Екіншіден, бұл тілдік бірізділікті қалыптастырып, ресми стильдің дамуына ықпал етеді.

Үшіншіден, азаматтар арасында мемлекеттік тілге деген құрметті арттырады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде арыз жазу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігінің көрінісі.

Бұл – тек заң талаптарын орындау ғана емес, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға қосқан үлес. Қорытындылай келе, мемлекеттік мекемелерден түсетін арыздардың мемлекеттік тілде болуы – мемлекеттік тілдің дамуы мен қоғамдағы рөлін нығайтудың маңызды шарты. Әрбір мекеме мен азамат осы талапты орындау арқылы еліміздің тілдік саясатының жүзеге асуына өз үлесін қоса алады.

 Жадыра САДУОВА,

Қаражал қалалық сотының бас маманы.