15.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Түсіндірме жүргізуге сұраныс» сервисі іске қосылды13.11.2026
Ақпарат ағыны

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

27.10.2022 · 11:49 · admin

Мемлекет

Президентке Сенаттың еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Конституциялық Соттың, Прокуратураның қызметін реттейтін конституциялық заңдардың жобалары туралы сөз қозғалды.

Президентке қазіргі уақытта сенаторлардың қарауында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір азаматтарға рақымшылық жасау туралы заң жобасы мен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының өңірлерді одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету – Палата жұмысының негізгі басымдықтарының бірі.

❗️ Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі ілгерілету және форумды дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.