23.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА23.11.2026
Ақпарат ағыны

Қаражал қаласының мәдениет қызметкерлері кәсіби мерекелерінде құттықтады

23.05.2025 · 12:13 · admin

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қаражал қаласының әкімі Айқын Қылышұлы Елеусізов өңірдің мәдениет саласында табанды еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтады.

Салтанатты шара барысында қала басшысы мәдениет майталмандарына алғыс білдіріп, олардың ел руханияты мен өнерінің дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Әкімнің айтуынша, мәдениет қызметкерлерінің еңбегі – елдің рухани байлығын арттырып, ұлттық болмысты сақтауда аса маңызды.