Ұлытау: «Заңсыз мұнай өнімдерінің айналымына тосқауыл қойылды»

Ұлытау облысының Экономикалық тергеу департаменті мен «Корпорация «Казахмыс» компаниясының Экономикалық қауіпсіздік департаментінің өзара бірлесіп әрекеттесу аясында, ұзақ жылдар бойы аймақта әрекет еткен жанар-жағар май мен басқа да мұнай өнімдерін жымқыруға бағытталған жүйелік арналар анықталып, жойылды. 

Тергеу барысында «Казахмыс» компаниясына орасан залал тигізе отырып, жеке баю үшін заңсыз мұнай өнімдерін сатумен айналысқан бірнеше тұлға анықталды.

Қылмыскерлерді құрықтауда жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында, құны 20 млн.теңгеден асатын 10 тоннадан астам дизель отыны тәркіленді.

Қылмыстық схема бойынша «Казахмыстың» «Tranco Express» еншілес компаниясының қызметкерлерінен тұратын күдікті тұлғалар «Казахмыс» балансындағы дизель отынын ұрлап, оны жалған тауар‑тасымалдау құжаттар арқылы үшінші тұлғаларға жоғары бағамен сату арқылы мемлекеттік кірістер органдарында есепке тіркелмей заңсыз табыс тапқан.

Сотқа дейінгі өндіріс барысында олардың әрекеттері «табыс табу мақсатында мұнай өнімдерін шығу тегін растайтын құжаттарсыз заңсыз сатып алу, сақтау және сату» ретінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 233‑1 бабы бойынша дәрежеленіп, барлық тұлғалар сотқа берілді.

Қазіргі уақытта, қылмыскерлер Жезқазған қаласы сотының Үкімдерімен бас бостандықтарынан шектеліп, ұрланған мұнай өнімдерін заңсыз сақтау мен тасымалдауға қолданылған автокөліктер мен ыдыстар мемлекет пайдасына тәркіленді. Сот Үкімдері заңды күшіне енді.

Департамент пен «Казахмыс» арасындағы жүйелі бірлесіп әрекеттесу өз «жемісін» беріп, осы байланыс өңірдегі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласында қылмыс деңгейін төмендетуге әсерін тигізуде.

Осы бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасын таба бермек.

Ұлытау облысы бойынша ЭТТД