29.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖастар белсенділігі – қоғам дамуының кепілі28.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады

26.03.2026 · 10:49 · admin

Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

☑️Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.

🔹Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 625 млн.теңге көлемінде қаражат бөлді.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.

📌Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Алашахан даңғылы 1 мекенжайында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асады.

❗️Өтінімдер 2026 жылдың 26-27 наурыз аралығында сағат 9.00 -18.00 дейін қабылданады.