Ұлытау облысында сайлаушылардың 52,22 % дауыс берді

Бүгін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы ұсынған дерек бойынша, сағат 12:00-ге дейін ел бойынша сайлаушылардың 38,55 % бюллетень алған. 

Ел ертеңі айқындалатын маңызды саяси науқаннан Ұлытау облысының халқы да қалыс қалмай, жоғары белсенділік танытуда. Осы сағатқа дейін облысымызда сайлаушылардың тең жарымынан көбі дауыс беріп үлгеріпті. Яғни, өңірлік сайлау комиссиялары ұсынған деректе, сағат 12:00-ге дейін дауыс берушілердің 52,22 %-ы сайлау бюлетендерін алғаны көрсетілген.

Айта кету керек, сайлау учаскелері бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.