ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында колледж студенттері үшін мазмұнды әрі әсерлі кездесу өтті. Шараға жергілікті ақын Жарқынбай Жетімекұлы арнайы шақырылып, жастармен еркін форматта сұхбат құрды.

Кездесу барысында ақын өз шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері туралы әңгімелеп, жүрекке жылы тиетін жырларын оқыды. Оның ой-толғамдары студенттерді терең әсерге бөлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызына ерекше назар аудартты.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтар да мазмұнды болды. Студенттер ақынға шығармашылық шабыт, қазіргі әдебиет жайлы пікірлерін сұрап, ашық диалог өрбітті. Кездесу еркін пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар үшін пайдалы рухани сабақ болды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және рухани мәдениетті қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.