Жәйремде қалауына қарай қажетті мамандықтарға оқытуда. Кентте бірнеше жылдан бері «Казцинктің» қолдауымен құзыреттілікті дамыту Орталығы жұмыс істейді.
Онда қажетті мамандықты меңгеріп, жұмысқа орналасқысы келген тұрғындар үшін курстар өткізіледі.
Биыл Орталықта үш мамандық бойынша оқытты: флотатор, реагенттер үлестеуші және газэлектр дәнекерлеуші. Олардың әрқайсысы бойынша он адам дайындықтан өтті. Атап өтерлігі – тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді және медқараудан өту ақысы да төленеді.
Оқушылар өндірістік тәжірибеленуден Жәйрем кен байыту комбинатының алаңдарында өтеді. Орталық түлектері ЖКБК-нің кадр резервіне тіркеледі де бос орын пайда болған кезде алдыңғы үміткер ретінде қарастырылады.
Өз тілшіміз.