Күшіміз – бірлікте

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында әр айтылған сөзін мұқият тыңдап, қорытындылап, үлкен жауапкершілікті сезіндім.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ» деді.
Сондықтан, «Күшіміз – бірлікте» деген сөздің қадір-қасиетін ұғынып, әрекет жасайық. Болашақ – біздің қолымызда.

Бағлан НҰРҚОЖА,
Жәйрем кенті
мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі.