Халық қаһарманына тағзым

Қазан айының 5-ші жұлдызында қалалық орталық кітапханада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаhарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арналған «Сертіне берік сардар» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел Қаражал қаласының қорғаныс істері бөлімімен бірлесіп өтті. Іс-шара барысында Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің аңызға толы жауынгерлік жолы, қазақ халқының батыр ұлы мемлекетке және болашақ ұрпаққа қызмет етуі, ерлік пен жауынгер абыройы, ар-намысы, қайсарлығы мен жарқын бейнесі біздің жадымызда.
Аталмыш іс-шара Сағадат Қожахметұлының өмірбаяны жайындағы бейнефильммен жалғасты. Келген оқырмандар өз ойларын ортаға салып, ақжарма лебіздерін білдірді. Есімі алтын әріппен жазылған ағамыздың ерлігі келер ұрпаққа үлгі-өнеге болып, әр қазақтың жүрегінен орын алады.

Жайнагүл Ұзақова,
Қаражал қаласы
орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің
кітапханашысы.