Ұлытау облысында өткен «Заң мен Тәртіп» шарасы аясында мектеп оқушылары Жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы құқық бұзушылықтарды бақылауға қатысты
Ең бастысы — оқушылар камера арқылы анықталған құқық бұзушылықтар туралы жедел түрде хабарлап отырды.
Олар нақты уақыт режимінде:
▪️ белгіленбеген жерге қоқыс тастау
▪️ қоғамдық орындарды ластау
▪️ ұсақ бұзақылық деректерін тіркеді
Жедел басқару орталығының қызметкерлері түскен ақпаратты бірден патрульдік полиция мен учаскелік инспекторларға жолдап, жедел әрекет етуді қамтамасыз етті
Нәтижесінде құқық бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Бұл шара оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын іс жүзінде түсінуге мүмкіндік берді.
Таза қала — өзімізден басталады!
