Бар жақсылық – барыстан

VIII ғасырдағы Күлтегін жазбалары мен ХІ ғасырдағы Махмұд Қашқаридің жазбаларында кездесетін жыл санау бүгінгі күні бізге жетіп отыр.

Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл атаулары тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз секілді жануарлардың аттарымен аталған. Бабаларымыз әр келген жылды осы жануарлардың мінезіне теңестіріп, жылдың қандай болатынын топшылаған.

Биылғы жыл – барыс жылы. Барыс жылы – бірлік, береке жылы деп топшылайды қазағым. Қазақ халқының жорамалдауынша, барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған.

Бұрынғы барыс жылдары ел тарихында елеулі, жайсыз оқиғаларымен ойып тұрып орын алды. Атап айтсақ, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, 1986 жылғы Алматыда бастау алған Желтоқсан оқиғасы барыс жылында орын алған еді. Биылғы жыл да Қазақстанның бірқатар қалаларындағы келеңсіз жайттармен басталғанын барыстың өжет, қайсар, батыл жаратылыс иесі болуынан деп топшыладық.

Дегенмен, қазақ ешқашан да ешбір істі жамандыққа жорымаған. Сондықтан, өткен шаққа өкпе артпаған жөн. Қысқасы, барыс жылынан күтер жағымды жаңалықтар ұшан-теңіз.

Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ.