Ағымдағы жылғы 17 сәуір күні «Қаражал-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу аясында, Қаражал қаласы және Ақтай шағын ауданы аумағында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қаражал қалалық жедел штабы
