Қаражал қаласының әкімі Тлектес Досаев дауыс берді

Қаражал қаласының әкімі Досаев Тлектес Темірбекұлы Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына келіп, өз таңдауын жасады. 

№242 сайлау участігінде дауысын берген қала әкімі жергілікті «Қазыналы өңір» басылымының тілшісіне сұхбат беріп,  сайлауға ұлт болашағы үшін, жастардың болашағы үшін келгенін атап өтті. Сондай-ақ, елімізде болып жатқан жаңа реформалардан зор үміт күтетінін айтты.