«AMANAT» партиясымен бірге – үлкен қадамдарға

Өткен аптада «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков жұмыс сапарымен Қаражал қаласына келді.

Жұмыс сапарының ауқымды бағдарламасында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы құрылыс нысандарын аралау («Хоккей корты», «Станционный» ықшам ауданындағы мектеп ғимараты, жұқпалы аурулар бөлімінің ғимараты), Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау, Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстау рәсімі, мадақтамалар мен Алғыс хаттарды табыстау рәсімі, БПҰ төрағаларымен, депутаттармен, белсенді партия мүшелерімен кездесу, «Марганец Жайрема» АҚ кәсіпорын басшылығымен және ұжым өкілдерімен кездесу, БПҰ ашу салтанатты рәсімі сынды Қаражал-Жәйрем аумағында жоспарланған іс-шаралардың бәрі ойдағыдай өтті.

Қалалық филиалдың ұсынысымен, партия қатарындағы белсенді тұлғалардың қолдауымен ұйымдастырылған 2 көрме тамашаланды. Олар «Кедергісіз келешек» партиялық Жобасы аясында «Балбөбек» бөбекжайының ерекше күтімді қажет ететін тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірге әзірлеген қолөнер туындыларының көрмесі және «Кітап аманат» партиялық Жобасы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырған кітап көрмесі болды.

«Марганец Жайрема» АҚ кәсіпорын еңбек ұжымында мекемеге аттас БПҰ (бастауыш партия ұйымы) ашылып, кәсіпорын басшысы — Абай Нұрланов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Дінмұхамметғали Кәрібайға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.

Өз тілшімізден.