«Абай — дана, Абай — дара…»

С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада ұлы ақын Абайдың туған күніне орай, хакімнің артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпақтың ұлықтауы, оқырманның бойына ақыл мен парасатты, өлең құдіреті мен көркемсөздің мәйегін сіңіріп, рухани тұрғыда жетілдіре түсу мақсатында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбымен поэзия сағаты өткізілді.

Іс-шараға оқырмандар мен ұстаздар қауымы қатысты. Басқосуда оқырмандар ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап, хакім туралы сөз қозғады, өлеңдерін оқыды.

Кеш барысында жүргізушілер тақырып аясында әзірленген тың дүниелерді ұсынып, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолындағы өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында қатысушыларға жанжақты әрі толымды ақпарат берді.

Ұлылық пен даналықты дәріптеген, өнегеге толы поэзия сағаты «Әлемге танылған – ұлы Абай» атты кітап көрмесінің таныстырылымымен жалғасын тапты.

Мөлдір ОРАЗАЛИНА,

Қаражал қалалық С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.