Кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам.

Президент Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» – деп атап өтті .

Бұл бастама жастарды сұранысқа ие мамандықтарға тартуға, еңбек нарығында білікті кадрлар даярлауға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

Еңбектің қадірін арттырып, кәсібилікті дәріптейтін бұл жыл еліміздің дамуына үлкен серпін береді.