Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барлық қазақстандықтар үшін қымбат мереке. Халықтар достығы – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің керемет көрінісі.

Еліміз әр ұлт пен ұлыстың тілін, салтын, әдет-ғұрпын құрметтей отырып, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеді.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы. Осы уақыт аралығында халық арасындағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды институт ішкі тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, түрлі этностық және мәдени топтар арасындағы татулық пен келісімді сақтап, азаматтық қоғамның саяси кемелдену деңгейін арттырды деуге толық негіз бар.

Қымбатты жерлестер!

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Бірлік мерекесі қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бейбіт өміріміздің берекесі мәңгілік болсын, елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттардың ынтымақ-бірлігі күн өткен сайын нығая берсін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат төрағасы