“Мұздағы қауіпсіздік, жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау” туралы брифинг өтті

Ұлытау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Мұздағы қауіпсіздік, жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау” туралы брифинг өтті. Баяндамашы Ұлытау облысы ТЖД Жезқазған қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Дидар Құйқабаев.

2024 жылдың басынан бері Жезқазған қаласының аумағында барлығы 77 өрт тіркелді. Өрт кезінде 4 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.

Өрттің ең көп бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Саны — 54.

“Көп жағдайда өрттің негізгі себептері:

— Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (қысқа тұйықталу);

— Пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзу;

— Отпен абайсыз жұмыс істеуден туындайды”,-деп атап өтті Д.Құйқабаев.

2024-2025 жж.жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап тұрғын үй секторында өрт пен көміртегі тотығымен уланудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Берілген ақпаратқа сәйкес ЖАО-мен халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімдері қалыптастырылды, бұл тізімде пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын 117 отбасы бар, оның ішінде: 63 көпбалалы отбасы, 10 аз қамтылған отбасы, 31 жалғыз басты мүгедек, 13 зейнеткерлік жастағы жалғызбасты адамдар.

15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында халықтың әлеуметтік осал топтарының жалпы саны 428 адамды қамтитын 117 жеке тұрғын үйінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, аталған іс-шаралар барысында 58 датчик орнатылып, оның ішінде 30 көміртегі тотығы мен 28 түтін газы, 838-ден астам жадынама таратылды (2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде 59 датчик орнатылды), барлығы 117 датчик орнатылған.

“Сондай-ақ, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерді аралау кезінде: «Бірлік» еріктілер ұйымы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері тартылады, барлығы 456 үй қамтылды, жалпы саны 1351 адам қамтылды, 2342 жадынама таратылды, сондай-ақ қосымша 6 көміртегі тотығы датчигі орнатылды.

Алдын алу шараларының негізгі мақсаты – тұрғындарды саналы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды болдырмауға шақыру.”,-деді Ұлытау облысы ТЖД Жезқазған қаласының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Дидар Құйқабаев.