23.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТNVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры алғаш рет Астанада: Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты23.10.2026
Ақпарат ағыны

Игі іс

06.05.2022 · 22:51 · admin

Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасау арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең таралған. Басқалардың игілігі үшін қамқор болу, жағдайы төмен отбасыларға рақымшылдық көрсетіп, жақсылық жасау игі іс.

Осыған орай Қаражал қаласының тұрғыны, «Өркен» ЖШС қызметкері Алмас Қалдыбайұлы Оспанов, қасиетті Рамазан айында Қаражал қаласындағы аз қамтылған 7 отбасына азық-түлік қоржыны түрінде көмек көрсетті. Сондай-ақ, ІІ топ мүгедектігі бар Г.Дмитриеваға мүгедектер арбасын сатып алып, табыс етті. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген көмек үшін шексіз алғысын білдіреді. Отбасыңызға бақ-береке, жұмысыңызға табыс тілейміз.

«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.