Үш тілді оқыту–заман талабы

Оның негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту мен қалыптастыру. Бүгінгі заман талабы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азамат болуымызды талап етеді. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына жеткізер баспалдақтардың бірі.

Қазіргі таңдағы өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың сол тілде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру. Ағылшын тілін оқыту тарихы – тым тереңде. Білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсаты – үміттің басты нышаны. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту мен дамытуға ықпал етуде. Білім алушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуіне ағылшын тілін меңгеруінің маңызы зор. Қазіргі таңда бұл тілді тиімді үйрену мүмкіндіктері мол.

Бірнеше тілді білу біздің өміріміздің шекарасын байытады және кеңейтеді. Қазір шет тілін меңгеру – мақсаты айқын адамдар үшін қалыпты ұстаным. Әрине, тіл үйрену оңай емес. Алайда біздің әлемде бәрі мүмкін. Бастысы, адамның өзіне сенімі болуы тиіс. Тілдерді білу –ертеңгі күнге сенімді болу. Қазақ,орыс және ағылшын тілдерін білетін әлемде өмір сүру – кез келген ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі. Сонымен қатар, бұл – түрлі мәдениетке қолжетімділік.

Жастар өзінің Ана тілін ардақтай отырып, өзге тілде еркін сөйлесе, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса, еліміз көркейе түсері сөзсіз. Олай болса, әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгеруге талаптанғандарға сәттілік тілейік.

Назым АСАНОВА,

Қаражал қаласының тау-кен техникалық колледжінің мұғалімі.