Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Ұлытау облысы аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қызметкерлеріне және тіл жанашырларына Ұлытау облысы әкімінің сыйлығы тапсырылды.
Мерекелік кеште Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатымен бірқатар тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері марапатталды. Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімі тағайындаған 6 аталым бойынша арнайы номинациялар да өз иелеріне тапсырылды. Атап айтқанда, «Тіл жанашыры», «Тіл майталманы», «Тіл тірегі», «Тіл жаршысы», «Тіл насихатшысы», «Тіл көкжиегі» номинациялары бойынша қоғамдық бірлестіктер мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің ұсынысымен 16 үміткердің құжаты келіп түскен. Әр номинация иегерлері 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Кештің ең басты марапаты «Тіл майталманы» номинациясы. Бұл номинацияға ана тіліміздің мәртебесін көтурге аянбай еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі, текті тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесін көтеруге барын салып еңбек етіп келе жатқан Мейрамкүл Мусина лайық деп танылды.
Сондай-ақ, мерекелік кеште мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, насихаттауға елеулі үлес қосқан тіл жанашырлары облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Гүлім Маратқызы.