Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде бекітеді. Бұл тұрғыда Қазақстандағы зайырлылық мемлекеттің конституциялық-құқықтық сипаттамасы болып табылады,
биліктің діннен бөлінуін, олардың қызмет аясын шектеуді бекітуді білдіреді.
Қоғамдық қатынастар, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары діни нормалармен емес, тек зайырлы заңнамамен реттеледі.
Зайырлы принциптер қазақстандықтардың діни көзқарасына
қарамастан құқықтарына қол сұғылмауы үшін қажет. Әрбір азаматтың
өз діні болуға құқығы бар. Бұл ретте мемлекет азаматтардың діни
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық қажетті жағдайларды
жасауда. Зайырлылық – адамның таңдау еркіндігінің алғы шарты.
Бүгінгі таңда қоғамда конфессиялардың ықпалы артып келеді.
Өздігінен бұл үрдіс қауіпті емес. Қауіп – діни радикалдану.
Деструктивті діни ұйымдардың жетекшілері діни ережелерді өзінше түсіндіре отырып, ең болмағанда адамдардың ыдырауына, кейде
конфессияаралық араздық пен алауыздыққа ықпал етеді. Сондықтан
мемлекеттің зайырлылығын одан әрі нығайту, оның тарихи, ұлттық,
мәдени, діни құндылықтарын қастерлейтін толерантты санасы бар
қоғамды қалыптастыру маңызды.
Қазақстан үшін зайырлы мемлекет болу саналы таңдау.
Конфессиялар мен діни ұйымдар көп елде бұл халықтың тату-тәтті
өмір сүруіне, діндарлардың діни сезімін құрметтеуге және
азаматтардың толеранттылығына ықпал ететін бірден-бір дұрыс
тұжырымдамалық шешім. Қоғамымыздың зайырлылығы мемлекеттің
дамуы мен жаңғыруының кепілі, қазақ халқының интеллектуалдық
ағартылуының шарты және бәсекеге қабілетті ұлттың негізі екенін есте
ұстауымыз керек.
Ақан ОСПАНОВ,
жастар ресурстық орталығының теолог-маманы.