Жәйремнің еңбек ұжымдары сайлауға белсенді қатысты

Бүгін, 29 қараша күні Жәйрем кентіндегі «Марганец Жәйрем» АҚ және Жәйрем кен байыту комбинатының қызметкерлері мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Өндіріс саласының еңбеккерлері азаматтық белсенділік танытып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.
Әрбір дауыс маңызды! Азаматтық жауапкершілік пен белсенділік – ортақ болашағымыздың кепілі! 🇰🇿
