23.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!  23.11.2026
Ақпарат ағыны

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!  

23.11.2026 · 13:17 · admin

Адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ерекше маңызға ие. Мұндай нысандардың қатарына жатақханалар да жатады. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажет.

Жатақханада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлға басшылық тарапынан тағайындалады. Ол қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарымен танысуын, қажетті нұсқамалардан өтуін және қауіпсіздік ережелерінің орындалуын қадағалайды. Сонымен қатар, барлық қызметкерлер өрттің алдын алу жолдарын, өрт немесе түтін анықталған жағдайда әрекет ету тәртібін білуі тиіс.

Жатақханаға жаңадан қоныстанған әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі бойынша міндетті нұсқамадан өтуі керек. Нұсқама жүргізілгені туралы мәлімет арнайы журналға тіркеледі. Бұл талап тұрғындардың төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуіне және ықтимал қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жатақханадағы өрт қауіпсіздігі ережелері қызметкерлер мен тұрғындарға арналған міндетті талаптар мен сақтық шараларын қамтиды. Оларды орындау өрттің шығу қаупін азайтып, түтін, өрт немесе электр желісіндегі қысқа тұйықталу жағдайларында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Үй-жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары Жатақхананың барлық бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындары таза және жинақы болуы тиіс. Қоқыстар, әсіресе, тез тұтанатын қалдықтар, күн сайын уақытылы шығарылып, ғимараттың ішінде және оған іргелес аумақта жиналмауы қажет.

Өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелері мен автоматты өрт дабылы және өрт сөндіру жүйелері (бар болған жағдайда) әрдайым жарамды күйде ұсталуы тиіс. Олардың техникалық жағдайы белгіленген тәртіпке сәйкес жүйелі түрде тексеріледі.

Өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жарамды күйде болуына жатақхана басшысы немесе арнайы тағайындалған жауапты тұлға бақылау жасайды.

Өрт сөндіру құралдары, соның ішінде өрт сөндіргіштер, жарамды әрі пайдалануға дайын болуы керек. Олардың техникалық жағдайы мерзімді түрде тексеріліп отырады.

Өрт сөндіргіштер мен басқа да өрт сөндіру құралдары тұрғындар мен қызметкерлерге қолжетімді, арнайы белгіленген орындарда орналасуы тиіс. Олардың алдына бөгде заттарды қоюға, күн сәулесінің тікелей түсуіне және жылу көздеріне жақын орналастыруға жол берілмейді.

Дәліздер, баспалдақ алаңдары, холлдар және басқа да ортақ пайдаланылатын орындар бос әрі таза ұсталуы қажет. Эвакуация жолдарын бөгде заттармен жауып, шығу есіктерінің алдына жиһаз немесе басқа кедергілер қоюға тыйым салынады.

Барлық тұрғындар мен қызметкерлер негізгі және қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының орналасқан жерін білуі тиіс. Эвакуациялық шығу есіктері адамдардың еркін өтуіне кедергі келтірмейтін жағдайда ұсталуы керек.

Эвакуациялық есіктер төтенше жағдайда ішкі жағынан кедергісіз ашылуы тиіс. Олардың ашылу бағыты мен құлыптау құрылғылары өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы қажет.

Әр қабатта эвакуациялау жоспары көрнекті және тұрғындарға қолжетімді жерлерге орналастырылуы тиіс. Жоспарда эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндіру құралдарының орналасуы және төтенше жағдайда әрекет ету тәртібі көрсетіледі.

Шатырларды, жертөлелерді және басқа да қосалқы бөлмелерді тез тұтанатын және жанғыш материалдарды сақтауға немесе белгіленбеген мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

Өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңызы Жатақханадағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрбір тұрғын мен қызметкердің міндеті. Қауіпсіздік ережелерін орындау, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, эвакуация жолдарын бос ұстау және өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын бақылау өрттің алдын алудың негізгі шаралары болып табылады.

Әрбір тұрғын өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу жауапты тұлғаға хабарлап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалуы тиіс. Қажет болған жағдайда адамдарды эвакуациялауға көмектесіп, ең алдымен өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – адам өмірін қорғаудың, төтенше жағдайлардың алдын алудың және жатақханада қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды шарты.

Ануар ЕРҒАЗИЕВ,

Қаражал қаласы ТЖб аға анықтаушысы.