23.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӨрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!  23.11.2026
Ақпарат ағыны

Денсаулық сақтау саласындағы жаңа міндеттер: сапа, қолжетімділік және жауапкершілік  

23.11.2026 · 13:13 · admin

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық. Халықтың денсаулығын сақтау, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сапалы медициналық көмек – басты басымдық Ол медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне, біліміне, жауапкершілігіне және пациентке деген жанашырлығына тікелей байланысты. Сондықтан, медициналық қызмет сапасын арттыру, аурулардың алдын алу және мамандардың біліктілігін жетілдіру маңызды.

Медициналық көмектің қолжетімділігі – халық игілігі Әрбір тұрғын сапалы медициналық көмекті уақытылы алуға құқылы. Осы бағытта алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, профилактикалық тексерулерді күшейту және ауруларды ерте анықтау ерекше маңызға ие.

Жауапкершілік – әрбір медицина қызметкерінің міндеті Пациентке құрметпен қарау, медициналық әдепті сақтау, өз міндетін адал атқару және кәсіби білімді үнемі жетілдіру – сапалы қызмет көрсетудің негізі.

«Қаражал қаласының орталық ауруханасы» ұжымы халық денсаулығын сақтау жолындағы жауапты қызметін жалғастырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға өз үлесін қоса береді.

Сапа – кәсібиліктен, қолжетімділік – ортақ еңбектен, жауапкершілік – адал қызметтен басталады.

Асан КАБУЛОВ, «Қаражал қаласының орталық ауруханасы» КМҚК директордың міндетін атқарушы.