ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұргүл Талғатқызы жастар қанатының белсенділерімен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Белсенділер белгіленген орындарға кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы мен партияның негізгі басымдықтары көрсетілген үгіт-насихат парақшаларын жапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысы бойынша 200-ден астам белсенді үгіт-насихат жұмыстарына қатысып, 30 мыңға жуық үгіт парақшасы мен ақпараттық материал таратылған болатын.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.