ВАНДАЛИЗМГЕ — ЖОЛ ЖОҚ!

Қоғамдық ортадағы тазалық пен тәртіп — баршамызға ортақ жауапкершілік. Ғимараттарға, ескерткіштерге, тарихи-мәдени мұра нысандарына жазу жазу, сурет салу немесе оларды бүлдіру — жай ғана «әзіл» емес, заңмен жауапкершілік көзделген әрекет.

⚖️ ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес, вандализм — мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау.

Мұндай әрекет үшін 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы көзделген. Ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда жауапкершілік күшейеді. (Adilet)

❗ Мүлікті бүлдіру — еркіндік емес.
Қоғамдық тәртіпті сақтау — әр азаматтың міндеті.

Таза әрі қауіпсіз ортаны бірге қалыптастырайық. Өзімізден бастайық!

ВАНДАЛИЗМГЕ — ЖОЛ ЖОҚ!
ТӘРТІПКЕ — ҚҰРМЕТ!