23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық аясында сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жалғасуда.
Егер сайлаушы дауыс беру күні өзінің тұрақты тіркелген мекенжайында болмайтынын алдын ала білсе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей өзі болатын өңірдің әкімдігіне өтініш беріп, сол жердегі сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.
Ал бұл мерзімде өтініш бере алмаған азаматтар 7 тамыздан бастап тұрақты тіркелген сайлау учаскесінен есептен шығару куәлігін алып, басқа өңірдегі сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын пайдалана алады.
Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы да алуға болады. Мұндай сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәліктері 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін беріледі. Жоғалған есептен шығару куәлігінің орнына қайтадан түпнұсқа берілмейтінін ескерген жөн.
Дауыс беру құқығыңызды пайдаланыңыз!

