ЖӘЙРЕМ КЕНТІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫН ОРТАША ЖӨНДЕУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Жәйрем кентінде автокөлік жолдарын орташа жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жолдарды жаңартумен «Жайлау-Агро» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысуда. Бұл жұмыстардың сапасы мен орындалу барысы Жәйрем кенті әкімінің міндетін атқарушы Б. Темірбайдың тікелей бақылауына алынған.

Бекітілген келісімшартқа сәйкес, жалпы ұзындығы 5,965 шақырым болатын мына көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде:

Ынтымақ көшесі – 1,32 км;

Мақатаев көшесі – 0,611 км;

Ералиев көшесі – 0,91 км;

Әуезов көшесі – 0,45 км;

Шынтуринов көшесі – Қаражал тас жолы бағыты – 1,815 км;

Дәрібеков көшесі – 0,515 км.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кент тұрғындары мен жүргізушілер үшін жол қозғалысын барынша жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған.