24.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА23.11.2026
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысының тұрғыны сирек кездесетін көне қаруды полицияға тапсырды

01.06.2026 · 11:09 · admin

Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, сатып алған үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында көне мылтық тауып алғанын хабарлап, заң талаптарын сақтап, қаруды бірден полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Тексеру барысында табылған мылтықтың жай ғана қару емес екені анықталды. Ол – әлемдік қару-жарақ тарихында ерекше орны бар, әйгілі конструктор Джон Мозес Браунинг жасаған Browning Auto-5 мылтығы болып шықты.