Қала көшелеріндегі қауіпсіздік пен тәртіп — басты назарда

Бүгінде Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жол қозғалысы ережесін тәулік бойы бақылауда. 🎥

Жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту, жолақтарды сақтамау — бұл құқық бұзушылықтардың барлығы дерлік инспектордың назарында. ЖБО инспекторлары қаланы тәулік бойы, үзіліссіз бақылап отыр.

Әрбір бейнекамера — бұл жол көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік беретін сенімді құрал. Ереже бұзған кез келген жүргізуші назардан тыс қалмайды, тиісті заңды шаралар қабылданады.

Құрметті жүргізушілер! Жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Есіңізде болсын, сіздің әрекетіңіз — бейнебақылаудың тікелей назарында!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

#ЗАКОНИПОРЯДОК