«Қаражал–Атасу» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қаражал–Атасу» автомобиль жолын қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәлімдеді.

Бүгінде жолдың 0–28 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған учаскедегі жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 118–179 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын жобаның биыл 25 шақырымы пайдалануға беріледі. Жөндеу жұмыстары толық көлемде 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.