«Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы-2026» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан).

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

1. «Үздік еңбек әулеті» Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті — бір ұйымның үш және одан да көп ұрпағы болып табылатын, қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынылған кезде осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар жұмыскерлер тобы.

2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» Бұл номинацияда конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынған кезде кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3. «Өндірістің үздік жас маманы» Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады. Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сертификаттар беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді «Qamqor.enbek.kz» платформасы арқылы, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тапсыру қажет.

«Еңбек жолы-2026» конкурсына қатысу қағидалары мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласуға болады (Қаражал қаласы, Сары Тоқа көшесі,1). Электрондық мекенжайы: karazhal_trud@ mail.ru. Анықтама телефоны: 8(71032) 2-62-84.