Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары!

Қаражал қаласы аумағында жазғы өрт қауіпсіздігі кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында Қаражал қаласы ТЖ бөлімі ескертеді: табиғи өрттердің негізгі себепкері адам болып табылады.

Табиғат аясында өте мұқият болу керек: сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамау, сөндірілмеген алауларды, сондай-ақ, сынған шыны қалдырмау керек.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске саламыз.

Жеке үйлерінің аумағында құрғақ шөптер мен қоқыстарды өрт қауіпті кезінде ұқыпсыз және абайсыз түрде қолдану апатқа айналады — осы кезеңдегі өрттердің шамамен 50% дәл осы себепті пайда болады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 336, 410-баптарына сәйкес ескерту немесе айыппұл түрінде шара қолдануға алып келетін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескеріңіз.

Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыздар!

Ануар ЕРҒАЗИЕВ,

 Қаражал қаласы ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы.