Қаражал қаласы бойынша 2026 жылғы 18 мамыр мен 8 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға көмек көрсету жүйесін түсіндіру.
Аталған акция аясында Қаражал қаласы полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнама алып, ақпараттық жадынамалар таратты. Шара барысында азаматтарға сыйластық, түсіністік пен бірлік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілуде.
Отбасындағы тыныштық — елдегі тұрақтылықтың кепілі. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Қаражал қаласының полиция бөлімі
