Ұлытау облысында әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жауапты басқарма басшысы Ринат Алматов баяндады.
Өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды нысандар қатарында:
🔹 Қаражал қаласында – заманауи жабық хоккей кортының құрылысы;
🔹 Ұлытау ауылында – жабық жүзу бассейні;
🔹 Қаражал қаласында – көпфункционалды орталық;
🔹 Жезқазған қаласында – курсанттарға арналған павильоны бар автодром және автоЦОН;
🔹 Жезқазған қаласының Алашахан даңғылында – жаңа әкімшілік ғимараты;
🔹 Оқушылар сарайының құрылысы;
🔹 Ұлытау ауылында – емханасы қарастырылған заманауи аурухана құрылысы жүзеге асырылуда.
Аталған жобалар өңірдің әлеуметтік әлеуетін нығайтып, тұрғындарға қолайлы әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
