Қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен халықтар достығы мен ұлтаралық татулықты насихаттау мақсатында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан халқы арасындағы бірлік пен ынтымақты дәріптеу, жастарға бейбітшілік пен татулықтың маңызын түсіндіру және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.
Қатысушылар Қазақстан – түрлі этнос өкілдерінің ортақ шаңырағы екендігін айтып, еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің маңыздылығына тоқталды.
Әртүрлі ұлт өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрлері жайлы ой бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлығы мен бауырмалдығына алғыстарын білдірді.
Шара барысында әсем әндер шырқалып, жүрекке жеткен поэзиялық шығармалар оқылды. Сонымен қатар, мың бұралған бишілер ұлттық және заманауи билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Өнерпаздардың әсерлі өнері кештің мазмұнын аша түсіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер қалдырды.
Ел ішіндегі достық пен сыйластықтың қоғам үшін маңызды құндылық екені айтылып, жастарды отансүйгіштікке, толеранттылыққа және өзара құрметке тәрбиелеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, шара барысында ұлттық әндер орындалып, қатысушылар өз ұлттарының мәдени ерекшеліктерімен таныстырды.
Еркін форматта өткен кездесу көпшілікке ерекше әсер қалдырып, бірлік пен татулықтың маңызын айқындай түсті.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты дөңгелек үстел – ел бірлігін нығайтуға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды шара болды.
Тлеухор БАЙШУКЕНОВА,
ОКЖ директоры.
