ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің достығы мен бауырмалдығы – бейбіт өмірдің басты тірегі, татулықтың темірқазығы. Бүгінде Қазақстан – өзіндік ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан қуатты мемлекет.

Біз – ортақ мақсат, бір мүдде және жарқын болашақ жолында жұмылған біртұтас елміз. Біздің ең басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Осы асыл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау – әрбір отандасымыздың қастерлі борышы.

Түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір Қазақстан халқы ауызбіршіліктің арқасында биік белестерді бағындырып келеді.

Қымбатты жерлестер!

Осынау мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбіт күннің берекесі артып, халқымыздың ынтымағы нығая берсін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.