Жезқазған қаласында ірі көлемдегі интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Алаяқтардың құрбаны – зейнет жасындағы қала тұрғыны.
Зейнеткер әлеуметтік желіде инвестиция арқылы табыс табу туралы жарнаманы көріп, өзінің байланыс деректерін қалдырған. Көп ұзамай өздерін инвестициялық платформаның қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар хабарласып, шынайы ресурсқа ұқсатып жасалған жалған сайтқа сілтеме жіберген.
Сайт танымал инвестициялық платформасына ұқсатып жасалған. Сенім ұялату үшін алаяқтар жәбірленушіге «алғашқы табыс» ретінде 25 АҚШ долларын аударып, инвестиция тиімді деген әсер қалдырған.
Осыдан кейін жоғары табыс уәде етіп, зейнеткерді біртіндеп ірі көлемде ақша салуға көндірген. Нәтижесінде жәбірленуші түрлі аударымдар арқылы алаяқтарға шамамен 22 миллион теңге жіберген.
Қаражатты толық алғаннан кейін күдіктілер байланысқа шықпай, ізін суытқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: интернеттегі «кепілдендірілген табыс» туралы жарнамаларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажет.
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
