Қала прокуратурасы құқық бұзушылықтардың, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметін тұрақты негізде үйлестіріп отырады.
Ағымдағы жылы осы санаттағы 8 қылмыстық іс сотқа жолданды, олар бойынша күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы сотпен қамаққа алу түріндегі жаза тағайындала отырып, айыптау үкімдері шығарылды.
Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны отбасылық-тұрмыстық жанжал барысында жұбайына түрлі дене жарақаттарын салған.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, күдікті күзетпен ұстауға алынды.
Тергеу қорытындысы бойынша іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, сонымен қатар, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.
Қала прокуратурасы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін хабарлайды.
Әрбір тіркелген факт бойынша заңдылықтың қатаң сақталуы, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту қамтамасыз етіледі.
Біз азаматтарды осындай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1210531?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
