Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, 16 жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.
ҰБТ тапсыру үшін пәндер тізімі:
- Математикалық сауаттылық.
- Оқу сауаттылығы.
- Қазақстан тарихы.
Бейінді пәндер:
4. Математика.
5. Физика.
Білім беру бағдарламалары:
6В12302 — Өрт қауіпсіздігі.
6В12303 — Төтенше жағдайлардан қорғау.
6В12303 — Өрт сөндіру және апаттан құтқару ісі.
Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау 4 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ және КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізіледі.
Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Үшінші кезеңде талапкерлерді бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 3000 м жүгіру.
Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.
Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Курсанттар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие:
- «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;
- дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған) жеңімпаздары;
- республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылғы жеңімпаздары;
- ҰБТ немесе КТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға қабылдауға басым құқыққа ие;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан қалған балалар;
- үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғалар.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу балын алған жағдайда институтқа сайыстан тыс қабылданады.
Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар Қаражал қаласы, Кеншілер көшесі, 20 үй тұрғылықты мекенжайы бойынша Төтенше жағдайлар бөліміне өтініш (ерікті түрінде) бере алады.
Ануар ЕРҒАЗИЕВ,
Қаражал қаласы ТЖБ аға анықтаушысы.
