2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді.
Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.
Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі — өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат – мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.
Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін танытты.
