28.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖастар белсенділігі – қоғам дамуының кепілі28.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысының әкімі өз таңдауын жасады

15.03.2026 · 16:32 · admin

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков республикалық референдум аясында өз таңдауын жасап, дауыс берді. Өңір басшысы ел тарихындағы маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Ұлытау облысында референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған. Облыс тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Өңірдің қала-аудандарында алғаш болып дауыс берген тұрғындарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.